ZHEIF-2023: Шетелдік компаниялармен құны 700 миллион АҚШ долларын құрайтын меморандумдарға қол қойылды
"Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023" Халықаралық экономикалық және инвестициялық форумы аясында Жамбыл облысы әкімдігі мен ірі шетелдік компаниялары арасында меморандумдарға қол қойылды.
7 ірі шетелдік тауар өндіруші компаниялармен жасалған келісімге сәйкес инвестициялық жобалардың жалпы құны 700 миллион АҚШ долларынан асады.
Олардың қатарында Индия, Сингапур, Германия, Венгрия секілді бірқатар мемлекеттердің инвесторлары бар.
Шетелдік компаниялар Жамбыл облысы аумағында ферроқорытпа, цемент зауытының құрылысы, құрылыс материалдарын өндіру, күн электр станцияларын салу, тамақ өнеркәсібі және логистика индустриялық паркі секілді жобаларды жүзе асыруды жоспарлауда.

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ