Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеделсатыдағы әйелдің өлімі: Шымкент тұрғыны кінәсін мойындады

Шымкентте кәсіпкер әйелді өлтіру туралы сот тыңдаулары басталды. 2019 жылдың мамырында Тәуке Хан даңғылы бойындағы көпқабатты үйлердің бірінің лифтінде әйелді аяусыз өлтіру оқиғасы орын алды.

Жеделсатыдағы әйелдің өлімі: Шымкент тұрғыны кінәсін мойындады

1971 жылы туған ер адам сот алдында жауап беріп жатыр. Прокурор Әли Нұрлыбаевтың түсіндіруінше, күдікті өзінің шабуылын бұрыннан жоспарлап келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Отырарға сілтеме жасап хабарлайды.

Сот отырысы барысында сотталушы өз кінәсін толық мойындап, әйелді өлтіргісі келмегенін түсіндірді.

«Күдікті әйелдің өзі тұратын үйдің жеделсатысында оның ізінен түседі. Шабуылдаушы жәбірленушіге бірнеше пышақ жарақатын салады. Соққының бірі өлімге әкеп соқтырды. Осыдан кейін ұры сөмкені алып, оқиға орнынан ізін суытады», - деді прокурор Әли Нұрлыбаев.

Еске салайық, әйелді аяусыз өлтіру 11 мамырда көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Әйел үйіне қайтып келе жатқанда, қолында сөмкесі болған. Онда алтын бұйымдар мен қомақты ақша болған болуы мүмкін. күдікті жәбірленушімен бірге жеделсатымен көтерілді. Ол әйелдің сөмкесін алып қашпақ болғанда, әйел қарсылық көрсеткен. Қаскүнем жәбірленушіге бірнеше пышақ жарақатын салған. Соның салдарынан әйел көз жұмды.

Осыдан кейін күдікті сөмкені алып, таксиге отырды және оқиға орнынан қашып кетті. Үйге бара жатып, қылмыстық ізін жасыру үшін таксиді үш рет ауыстырды.

Сөмкеден қолма-қол ақшаны алып, қылмыскер дәлелдерден құтылуға асықты. СМУ-4 ауданындағы қоқыс жәшігіне сөмкені тастады. Бұл әрекет ондағы бейнекамераларға түсіп қалған. Ол асығыстықпен сөмкедегі ұялы телефонды алмапты. Полицейлер телефондағы байланыс нөмірі арқылы, сөмкені тауып алды. Осыдан соң таспаға түскен видеодан күдіктіні анықтады. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 30 Шілде, 2019 14:40
Талқылау