AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жедел жәрдеммен келген науқастар кезекте тұр": Нұр-Сұлтан ауруханасындағы жағдайды денсаулық сақтау басқармасы түсіндірді

Желіде Нұр-Сұлтандағы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жедел жәрдем көлігімен келген науқастар дәрігерге қаралу үшін кезекте тұруға мәжбүр болғаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мына жақта сұмдық болып жатыр. Түнгі сағат 12. Жедел жәрдем көлігімен келген адамдар кезекте тұр. Аурухана Абылай хан көшесі, 15А мекенжайында орналасқан. Астанада жұмыс істейтін жалғыз аурухан", – деп желі қолданушылары шағымданды.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 

"Коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты 9 шілде күні 1-көпсалалы қалалық аурухана ковидті аурухана болып қайта жасақталды. Нәтижесінде науқастарды жоспар бойынша ауруханаға жатқызу тоқтатылды. Біз барлық мамандандырылған бөлімдерді ведомстволық клиникалар мен республикалық ауруханаларға тараттық. Бірінші қалалық аурухананың және травматология бөлімінің базасында жедел жәрдем бөлмесі ашылды. Қазір тек травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты жарақат алған науқастарды уақытша қабылдайды, осыған байланысты жүктеме бар", – деп түсіндірді Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр