Жедел қызмет етеді: "KTZ Express" ауыл шаруашылық өнімдерді экспорттауда тиімді қызмет көрсетеді

Салмағы мың тоннадан асатын қазақстандық арпаның алғашқы партиясы Макинка стансасынан (Солтүстік Қазақстан облысы) Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Фуцзянь провинциясының Путянь қаласына жіберілді.Пойыз тағайындалған жерге Достық-Алашанькоу шекара өткелі арқылы бағыт алады. Белгіленген станцияға дейінгі жалпы сапар уақыты 7 күнді құрайды.

Аталған тасымалды «KTZ Express» АҚ-ның «KTZE Батыс» филиалы ұйымдастырды.

«Қазақстандық арпаның бірінші партиясын контейнерлерде Қытайға жеткізу бүкіл ауылшаруашылық экспортын одан әрі дамыту үшін үлкен маңызға ие. Сонымен қатар, қазақстандық экспорттаушылар үшін контейнерлеу – бұл өнімді мамандандырылған вагондар паркінде тасымалдаудың лайықты баламасы, өйткені маусымдық кезеңдерде олардың жетіспеушілігі байқалады», - дейді KTZ «Express» АҚ-ның Басшысы Дмитрий Абдуллаев.

Тасымалдауды ұйымдастыру кезінде логистикалық шығындарды азайту мақсатында «KTZ Express» АҚ клиентіне бір пойызға 43 бос контейнерді Чукурсай станциясынан Макинка станциясына жіберу технологиясы ұсынылғанын атап өткен жөн. Қатысушылардың үйлесімді жұмысының арқасында жүк контейнерлерге жедел тиелді, бұл контейнерлік пойызды үш күнде құруға мүмкіндік берді.

Жүк жөнелтуші KTZ Express ұйымдастырған қызметтің тиімділігі мен жоғары сенімділігін бағалады. Енді арпа жеткізу бойынша ынтымақтастық жалғасын тауып, қызмет тұрақты болады деп уәде етеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр