Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазушы: Бекболат аға, данышпандығың өзіңе, енді осы аз ғана қадіріңді сақтап қалшы

Жерді жалға беруге байланысты дау әлі де тыйылар емес. Оған қатысты беделді тұлғалар мен шенеуніктер де пікірін білдіріп жатыр. Осы орайда жазушы, журналист Бейбіт Сарыбай депутат Бекболат Тілеухановқа қатысты пікірін білдірді.

nurotan-news-1388051958

Сурет: www.namys.kz 

Абайды аузынан тастамай, аһылап-үһілеп отыратын, ұлтым дегенде Ұрымды толғантып, жұртым дегенде Қырымды қозғалтып жүретін данышпан көке, перзенті анасының үстіне дәрет сындыра береді. Сәби кезінде. Емізіп отырғанында, жұбатып жатқанында сәби анасының үстіне кәк деп қояды. Өйткені ол сәби. Анасы үшін одан асқан бақыт бар ма? Жоқ. Өйткені ол өз сәбиі. Жер – ана. Қазақ – сәби. Баласының кәк дегені ана үшін бақыт. Бұл табиғи нәрсе. «Жер анаң болса, үстіне неге дәретсындырасың» дегеніңізге айтарым осы”, – деп жазады  Бейбіт Сарыбай Facebook парақшасында. 

Ашынған жазушы депутаттан өз қадірін төмендетпеуін сұрап, онысын ашық жазды.

-“Ал, егер бір қазақ жерді «істепті» дегенді естіесеңіз, жер анаң болса «неге істейсің?» десеңіз күллі қазақ жер болар еді. Ал, «жер істепті» деген қазақ жоқ, жер бетінде жоқ. Демек, кім жер болды? Білмеймін. Бекболат аға, данышпандығың өзіңе. Енді осы аз ғана қадіріңді сақтап қалшы. Өтінем. Қалихан Ысқақтың «Келмес күндері елесі» атты мемуарындағы ұйғыр келіншектің тілімен айтсақ, ондай бір уыс жүн… Тым төмендемейік, тым биіктемейік. Ендігәрі отырмай-ақ қойыңыз, опақ қылмайық. Тұрмай-ақ та қойыңыз, сопақ қылмайық. Беймарал жата беріңіз. Құшағыңызда мандат. Сізге басқа ештеңе қалмады”, – деп жазады ол.

Жіберіп алмаңыз:

Бекболат Тілеуханов: Таңдауымды түсінші, асыл алашым

Талқылау