Жазушы Рафаэль Ниязбек өмірден озды
Танымал қазақ жазушысы, ақын Рафаэль Ниязбек 79 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Суыт хабарды Қазақстан жазушылар одағы растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Рафаэль Ниязбек – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері, Шешенстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Рафаэль Ниязбеков 1943 жылы 24 наурызда Жамбыл облысы Талас ауданының қазіргі Тамабек ауылында дүниеге келген.
Ол Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдаған. Қазақ радиосының әдебиет редакциясында, "Жұлдыз" журналында, "Жазушы" баспасында қызмет атқарған.
Қонаев туралы өлең-роман жазған. Шығармалары орыс, украин, шешен, түрік тілдеріне аударылған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”