Жазира Жаппарқұл қазақ қыздарынан тұңғыш Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды
Жазира Жаппарқұл қазақ қыздарынан тұңғыш Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. Бүгін Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында ауыр атлетикадан әйелдер арасындағы 69 келіге дейінгі салмақта қазақ қызы ел қоржынына екінші күміс жүлдені сыйлады. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 259 келіні бағындырды.
Бұл туралы Риода жүрген ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.
Жазира серпе көтеруде алдымен 140 келіге тапсырыс берді. Алайда оны бағындыра алмады. екінші мүмкіндігінде ол осы салмаққа қайта ұсыныс беріп, екіншісінде еркін көтерді. Ал үшінші мүмкіндігінде Жазира Жаппарқұл 144 келіні бағындырды. Қос сайыстың қорытындысы бойынша жерлесіміз 259 келімен Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері және қазақ қыздарынан тұңғыш олимпиада жүлдегері атанды.
Бұл салмақта бас жүлде қоссайыстың қорытындысы бойынша қытай қызы Сян Яньмэйге бұйырды. Үшінші орынды мысырлық Сара Ахмет жеңіп алды. Сонымен бүгін Олимпиаданың бесінші күні қоржынымызға екінші күміс медаль бұйырды.
Талқылау