Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира Байырбекова: Тұсау кескенге бір тиын да алмаймын

Халық көп жағдайда әншілер тұсау кескенге долларлап ақша алады деп ойлайды. Алайда бұл қауесетті күні кеше Сәкен Майғазиев, ал бүгін Жазира Байырбекова жоққа шығарып отыр. Жанболаттың Жазирасы тұсау кескенге бір тиын да алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Тұсау кескеніңіз қанша тұрады?” деген сұрақтар жекеге көп келеді. Біріншіден тұсау кесу тегін. Ешқашан тұсау кескенім үшін ақша сұраған емеспін. Ал үлкен мерекелерде ән айту үшін бізді шақырып жатса ол басқа әңгіме.

Екіншіден тұсауды ұзақ жасаған, немере шөбере сүйіп, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып отырған қариялар кескені дұрыс па деп ойлаймын.

Мен Алла сәтін салып тағы сәбилі болып жатсам тұсау кестіретін адамның атағына, байлығына, қызметіне емес, ол адамның имандылығына, білімді ұрпақтарды тәрбиелегеніне, төрт құбыласы тең болып бақытты ғұмыр кешіп, ұрпақтарының раxатын көріп отырған қарияны таңдар едім. Әрине өздеріңіз білесіздер ғой…

Мен тұсау кесер әнін тұсау кесу үшін орындап жүрген жоқпын. Үлкендер тұсау кесіп жатқанда менің әнім тек сән беріп тұрса дегенім ғой. Бұл да қазақтың салт-дәстүріне тамшыдай үлесім болсын!” – деп түсіндірді Байырбекова.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз: 

Ақындар айтысы: «Алтын домбыраның» иесі анықталды

Жұлдыз Әбдікәрімова: Тағы он жылға жоқ боп кетейін бе?

Меруерт Түсіпбаева Павлодар билігінен көрген қысымы жайлы ашық айтты

Алматыда бар-бар: Еркеге жауап ретінде түсірілген клипке Қайрат Нұртас пен Тәуекел Мүсілім түсті (видео)

Талқылау