Жазира Байырбекова шашы ең ұзын аруды тапты
Жазира Байырбекова бұрымды қыздардың арасында байқау жариялаған еді. Әнші осылайша қазақтың ұлттық құндылықтарын сақтап жүрген аруларды дәріптеп, өзгелерге үлгі етуді көздеген. Байырбекова өзі ұйымдастырған байқаудың жеңімпазын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz.
Инабат есімді аруға әнші өзінің көйлегі мен сән салонынан сертификат тарту етпек. Байырбекова алдағы уақытта үлкен көлемде байқау ұйымдастыруды да ойға алғанын айтты. Алдағы конкурстарда қолаң шаштың бойжеткеннің білімі мен өнері де сарапқа салынады.
«Қыздың көркі – көркем мінезі жəне қолаң шашы. Тал шыбықтай бойларынан қарапайымдылықтары қалмаған бұрымды қыздардың фотоларын жариялап жүргенімді білесіздер. Жақсылықты дəріптеймін деп жүріп, көп фотолар инста байқауға ұласып кетті. Қазақта керемет, шашы ұзын қыздар өте көп екен… Болашақта сурет арқылы емес, бетпе бет кездесіп, шашы ұзын қыздардың өнері мен сымбатын, білімін қоса ескеріп конкурстар жасайтын боламыз! Бүгін хэштег арқылы ең көркем қызымызды таңдап алдық. Ол – Инабат. Әзір қай қалада тұратыны белгісіз. «Жан-Жази» көйлектер салонынан бір көйлекті сыйға тартқым келіп отыр. Мен үшін барлық бұрымды қыздар əдемі. Тек көйлектер саны шектеулі. Сондықтан алдағы уақытта кең көлемді байқау ұйымдастырғым келеді. Қомақты сыйақы да тағайындауды жоспарлап отырмын. Сондықтан алдағы конкурсты жіберіп алмаңыздар!» – деп жазды Байырбекова желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары әншінің бастамасын қостай кетті. Инабаттың табиғи сұлулығына, қолаң шашына тәнті болған желі оқырмандары оны құттықтап жатты.
Жіберіп алмаңыз:
Мейрамбек Беспаев пен Сәкен Майғазиев орыс тілінде ән айтты (видео)
Қар күреген Гүлнұр Оразымбетова тыңдармандарын таңқалдырды (видео)
Қайрат Нұртастың анасы: “Өкініш” – түнімен жазылып таңертең түсіріле салған фильм