Жазира Байырбекова өзін сарбаздарша ұстаған енесін көрсетті (фото)
Жазира Жанболаттың шаңырағына 20 жылдан аса уақыт бұрын келін болып түсті. Бүгінде ол танымал жұлдыз. Алайда бұл танымалдылық, атақ оған бір күнде келе қойған жоқ.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Ол да жас келінге тиесілі міндеттің бәрін атқарды. Жанболатпен шаңырақ көтергеннен кейін біраз жыл тұрмыстық қиыншылықты да көрді. Базарда аяқ киім, қала берді, жеміс-көкөніс сатты. Ал қайын енесі оны алғашқы жылдары әскердегі сарбаздарша ұстады. Бұл туралы Жазираның өзі айтқан болатын.
Дегенмен қайсар қыз мойыған жоқ. Ақырында жолдасын дегеніне көндіріп, өнер әлеміне аяқ басты. Ол сахнада әнші, елге жұлдыз. Ал қайын жұртына барғанда абысындарымен бірге ас үйден шықпайтын қарапайым келін.
Әнші алғаш рет өзінің қайын-жұртын, нақтырақ айтсақ, енесін, қайын әпкесі мен абысындарын көрсетті. Әулеттің бір үйде жиналуы бекер емес. Олар Жанболаттың анасының 80 жасын атап өткен.
Жіберіп алмаңыз:
Димаш 10-кезеңде үшінші орын алып финалға шықты (видео)
Қайрат Нұртас концертінде тыңдарманының ернінен сүйіп алды
Бүркіт пен Айша алғаш рет клипке ұлдарын түсірді (фото, видео)
Серік Ибрагимов жұбайы Айнамкөзді бейнебаянға түсірді (видео)