Жазира Байырбекова намаз оқығанын жаһанға жария қылатындарды сынап тастады
Әнші Жазира Байырбекова намаз оқи сала өзін өзгелерден артық санап, парызын бүкіл елге жария ететіндер туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, білімі саяз бола тұра кім көрінгенге уағыз айтып, данагөйсіп кететіндер ислам дінінің атына кір келтіретіндер.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Намазын бастай сала намаз оқымайтын адамдардан өзін жоғары санап, оларға ала көзімен қарап, тыңдайтынға да, тыңдамайтынға да білімі саяз болса да уағыз айтып, өзінің намаз оқитынын жаханға жар салып, мақтаныш көріп, дініміздің қадірін кетіріп жүргендер бар. Мұсылманның 5 парызынан басқа имандылыққа қандай амал-мінездерді жатқызар едіңіз?” – деп желідегі оқырмандарына сауал тастады әнші.
Бұл ретте желі оқырмандары оған жауап берді. Көпшілік Байырбекованың пікірімен келісетіндерін жеткізе келе төмендегідей пікірлер қалдырған:
“Білімге деген құштарлық, сабырлылық, көркем мінез”, “Имандылыққа бет бұрған адам менің ойымша адамды намаз оқитын-оқымайтындар деп бөлмеу керек. Өзгелерден оөзін биік ұстамай, өзі сияқты Аллаға құлшылық ететін пенделер көбейсе екен деп тілеу керек”, “Иə, бес парыздың бірі намаз болса, сол парызын намазын дұрыс өтемейтіндер бар, өтірік айтады, арақ ішеді, көріп өзім ұялам сол дұрыс па”, “Бізде момын деген сөз бар, момын сөзі мумин сөзінен шыққан. Сабырлы, көркем мінезді болуымыз керек шын муминдардың қатарынан болғымыз келсе”, “Намазды әр пенде өзі үшін оқиды”, “Ең қатесі өзің намаз оқымай намаз оқыған адамды сөз ету”, “Адам адамның жаман жағын тез көреді, жақсы жағын көру үшін иман керек”.