Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира Байырбекова: Келінім пейілі тар қазақ болғанша, ниеті таза өзге ұлттан болсын

Жазира Байырбекованың айтуынша, бүгінгі қоғамда менталитеті мүлдем бөлек, санасы қазақ емес қазақ қыздары көбейген. Әнші оларға шошына қарайтынын жасырмады. Бұдан өзге, болашақ келінінің өзге ұлттан болса да қарсы емес екенін айтты. Бастысы ниеті, пейілі таза болса деген тілегін жеткізді.

18950044_391062464624626_6884181484215730176_n

Бұл туралы әнші Zhuldyz.tv арнасының «Сенбілік серуен» бағдарламасына айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

«Бүгінде бізде қазақ халқына мейірім мен еңбекқорлық жетіспейді. Ең масылдық психология басым болып бара жатқан елге айналып бара жатырмыз. Бізде қазір жастар жұмыс іздемейді, демеуші іздейді. Жұмыс бар ма деп сұрайтын адамдар өте аз. Демеуші бар ма деп сұрайтын адамдар өте көп. Мен айтамын, аяқ-қолдары сау, денсаулығы жақсы, неге сендер жұмыс іздемейсіңдер деп… Менде үлкен кәсіп жоқ қой, енді-енді бастап жатырмыз. 1-2 қызды жұмысқа шақырып, алдым. Бірақ олар аз ақшаға жұмыс істегісі келмейді. Жұмыс істегеннен гөрі жай ғана қомақты ақшаны бір демеушіден ала салғанды жақсы көреді», – дейді әнші.

Бұдан кейін Байырбекова болашақ келінінің қай ұлттан болғанын қалайтынын айтты.

«Негізінде мен ұлтын сүйген адаммын ғой. Қазір біздің қазақ қыздарының ішінен керемет қыздарды табуға болады. Бірақ ниеті жаман, пейілі тар қыз алғанша, адал, таза, пәк, мейірімді басқа ұлттан алған дұрыс деп ойлаймын.

Неше түрлі қыздарды көріп, қорқып жүрмін. Менталитеттері өзгеріп кеткен, мүлдем санасы қазақ емес, ол қаны, жаны қазақ болғанымен, санасы басқа. Мен ондай қыздарды қаламаймын.

Бірақ, әрине кез келген қазақ – қазақ қызын алғанды жақсы көреді. Ең бастысы, ниеті, пейілі таза қыз болса болды», – дейді Байырбекова.

Жіберіп алмаңыз:

Жазира Байырбекова: 5 жасқа дейін әкем ұл баланың іш киімін кигізетін

Қарақат: Бала емізетін әйелдің томпиып отырғаны жарасымды

Күйеуінің арқасына мініп алған Салтанат Бақаева желіні шулатты (видео)

Жан Ахмадиев: BALA-ның «Қазақстанда әдемі қыздар жоқ» деп айтқаны рас. Дәлелдей аламын

Талқылау