Жазира Байырбекова бояусыз түрін көрсетті (фото)
Жазира Байырбекова алғаш рет опа-далапсыз әрі жасанды кірпіксіз түскен суретін көрсетті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Жасанды кірпікті алып тастап, беттегі бояуды жуып тастап 5 күндік демалысқа келдік. Мұнда көңілді, еңбекқор, білімді қыз Салтанатты кездестіріп қалдым. “Ұят емес” бағдарламасынан кейін көптеген қыз-келіншектер өз өмірлерін оған жазатын болыпты.”Шыны керек,осы бағдарламадан кейін шашым көп түсті, сосын қиып тастадым” дейді Салтанат Қалиева. Суретте сіздердің көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болсын деп менің шашымды киіп алыпты. 5 баланың анасы, бірнеше жобалардың авторының маған шынайылығы қатты ұнайды! Суреттің қарапайымдылығы үшін ұрыспаңыздар, иә?!”, – деп жазады Байырбекова.
Бұл ретте желі оқырмандарының пікірі екіге бөлінді. Кейбіреулер әншінің бояусыз да сұлу келіншек екенін жеткізсе, екіншілері опа-далапсыз Жазираны танымай қалғандарын айтқан.
Жіберіп алмаңыз:
Димаш Құдайбергенов Қытайда бір топ оққағармен жүретін болған (фото, видео)
Әли Оқапов алғаш рет анасына ән жазып берді (фото, видео)