"Аппақ келініммен таныс боласыздар": Жазира Байырбекова болашақ келініне ән арнады

Жұлдызды жұп Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова болашақ келініне арнап бейнебаян түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа бейнебаянда көпшілікті келінімен таныстыратынын жазған.
“Бейнебаянда аппақ келініммен таныс боласыздар. Жаңа жылдың жаңа күнінде болашақ келініме арнап түсірілген ерекше бейнебаян. Жандос Қаржаубайдың “Бауырсағы балдай қыз” әніне бейнебаян түсіру бақыты бұйырды. Бұл ән келінге деген аналық мейірім, ақ тілек пен отбасының берекесін жеткізетін туынды”, – деп жазған ол.
Айта кетейік, бұған дейін жақында жұлдызды жұп Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекованың шаңырағында той болатыны хабарланған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"