Жазықсыз қамалып, 30 бойы түрмеде отырған азамат босатылды
АҚШ-та біреудің жасаған қылмысы үшін сотталып, 30 жыл бойы түрмеде отырған азамат ақталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
13 қаңтар күні америкалық сот 1991 жылы абақтыға жабылған 62 жастағы Джерри Томас есімді азаматты бостандыққа шығарыпты.
1987 жылы Детройт қаласының тұрғыны өзіне әлдекімнің азық-түлік дүкенінен шығып келе жатқанда тап бергенін айтып, шағымданыпты. Екі жыл өткеннен кейін арызданған әйел Томасты әлгі қылмыскер ден таныпты.
Полицияның қолында заттай айғақтар мен дәлелдердің болуына қарамастан, Томас кісі өлтірмекші болып, оған шабуылдады деген айыппен 50 жылға бас бостандығынан айрылады.
2010 жылы The Innocence Project атты жазықсыз қамалған адамдарды ақтап шығарумен айналысатын ұйым бұл істі тексеруге кірісіпті. Тексеру барысында шағымданған азаматшаның Ford Escort маркалы көлігінің тізгінін басқарып келе жатқандығы анықталған. Ал 1987 жылы қылмыс орын алған кезде Томастың бойы 190 см, ал салмағы 115 килограммды құрапты. Сол себепті терксерісті жүргізген адамдар түрмеге қамалған азаматтың кішкентай көліктің терезесіне оңайлықпен кіріп, әйелге шабуыл жасай алмайды деген тоқтамға келіпті.
"Біз шабуыл жасаған азаматтың дене бітімі түсірілген фотосуретті тауып алдық. Егер полицейлер салғырттық танытпағанда Томас жазықсыздан түрмеге жабылып, осыншама уақыт түрмеде отырмас еді", - деп мәлімдеді The Innocence Project ұйымының өкілі Джейн Пучер.
Жәбір көрген әйел осы уақытқа дейін бақилық болып кетіпті, сондықтан істі қайта бастап, тергеу амалдарын жүргізуге еш негіз болмаған. Ал Томастың өзі болса ұйымдағыларға алғысын жеткізіп, өзінің отбасымен қауышыпты.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
