AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зерттеу: Жазғы спорт түрлері көз саулығын қалай жақсартады?

Les Mills-тің 2021 жылғы жүргізілген жаһандық фитнес есебінде пандемия адамдарды өз денсаулығына көңіл бөлуге үйреткенін көрсетеді. Ал күнделікті жаттығу жасау көздің саулығын жақсартады дегенге қалай қарайсыз? Халықаралық офтальмология журналында жарияланған соңғы зерттеуде тұрақты жаттығулар көздің тотығу зақымдалуын азайтатыны және жасқа байланысты катаракта қаупін сейілтетіні жазылған. Мұндай ауыр аурудың даму қаупін физикалық белсенділікпен төмендетуге болатыны дәлелденді, мәселен велосипедпен жүру немесе жаяу жүрудің әрбір сағаты мұндай тәуекелді 2% төмендетеді.

Біз спортпен айналысқанда көзіміз қандай күйде болады? Спорт көз ауруларын емдеуге көмектесе ме және көз бен дененің саулығын сақтау үшін дене белсенділігі қандай болуы керек? Бұл сұрақтарды арнайы "X-Lab Оптинол" үшін қазақстандық жетекші медицина мамандарының бірі, Қазақ офтальмология ғылыми-зерттеу институтының офтальмолог дәрігері Гүлмира Бақытқызы Тілеубаева талдайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жүргізген дерегі бойынша әлемде көз ауруларымен ауыратын 2,2 миллиард адам бар және ол аурудың кем дегенде жартысының алдын алуға болар еді. Сондықтан жетекші медициналық сарапшылар, жалпы тәжірибе дәрігерлері, фармацевтер мен инженерлер ЯДРАН сараптамалық зерттеу орталығындағы X-Lab Оптинолға жиналып, соңғы зерттеулерді талдау және біртұтас тәсілді қолдана отырып, бізбен көздің денсаулығына қалай қамқорлық жасау керектігін және оның бүкіл организм үшін неліктен маңызды екенін бөліседі.

1. Катаракта дегеніміз не және осы аурудан туындаған көру қабілеті бұзылған науқастардың статистикасы қандай?

Катаракта деп кез келген көз хрусталінің бұлыңғыр тартуын айтады. Көз хрусталі – көздің торлы қабығында анық көрсету үшін жарықты өткізетін және бағытын өзгертетін көздің мөлдір линзасы. Катаракта - ең көп таралған офтальмологиялық аурулардың бір түрі. Көбінесе ол егде жастағы адамдарда пайда болады және сол себепті жас катарактасы деп аталады. Дегенмен оның жас кезде пайда болу мүмкіндігі (күрделі катаракта деп аталатын) жоққа шығарылмайды, ал кейбір жағдайларда ол тіпті туа біткен болуы мүмкін. Қазақстан халқы арасында катарактаның таралуы туралы нақты статистика жоқ, бірақ тек Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында ауруға байланысты жылына 8 мыңға жуық операция жасалады.

X-Laв оптинол анықтайды: 2,2 млрдтан аса адам осы аурулардың бір түрімен ауырады және әрбір екіншісінің алдын алуға болады. Жетекші дәрігерлер қалай сау болуға болатыны жөнінде айтады.

2. Катарактаның алдын алу мен емдеудің стандартты әдістері қандай және әлемдегі офтальмолог дәрігерлер соңғы ұсыныстарында не айтады?

Аурудың дамуын болдырмау үшін әртүрлі шаралар бар. Алдын алу шаралары тек адам сау болса және болашақта аурудың даму қаупін азайтқысы келсе ғана көмектесе алады. Катарактаның, сондай-ақ басқа да жасқа байланысты туындайтын ауруларды алдын алудың негізгі тәсілі – салауатты өмір салтын ұстану. Бұл физикалық белсенділік, зиян әдеттерден бас тарту, ультракүлгін сәулелерден көзді қорғау, сондай-ақ толық және жүйелі түрде тамақтану.

Егер катаракта бұрыннан бар болса, онда бұлыңғырлықтың даму жылдамдығын төмендету ғана мүмкін болады. Бұл жағдайда көз хрусталінің бұлыңғырлығын баяулату үшін тамшылар түріндегі дәрі-дәрмектер тағайындалады.

Катаракта хирургиясы емдеудің ең тиімді және заманауи әдісі болып саналады. Бұлыңғыр көз хрусталінің факоэмульсификациясы бір күнде катаракта мәселесін біржола шеше алады.

3. Спортпен айналысқанда көзіміз қандай күйде болады? Қарапайым дене жаттығуларын жасау арқылы өзімізге көмектесіп сонымен қоса катарактаны жеңе аламыз ба?

Қарапайым физикалық белсенділіктің өзі (жаяу жүру, таңертеңгілік жаттығу немесе велосипедпен жүру секілді) қан ағымы мен қан тамырларының тонусын жақсартатыны, сондай-ақ жалпы ағзадағы антиоксиданттық ферменттердің белсенділігін арттыратыны дәлелденген. Мұның барлығы бүкіл денеде тотығу зақымдануының алдын алуға және тотығу стрессін азайтуға, соның ішінде көзге де әкеледі, бұл кейбір көз ауруларының даму қаупін азайтады.

Алайда егер адамда бұрыннан катаракта болса, бұл көз хрусталінде қайтымсыз биохимиялық процесс басталғанын білдіреді және ешқандай физикалық жаттығулар бұрыннан бар бұлыңғырлықтардың резорбциясына және катарактаны емдеуге көмектеспейді.

4. Катарактаны халықтық ем-дом әдістерімен емдеуге болады ма?

Өкінішке қарай, адамдар, әсіресе егде жастағылар отадан аулақ болу үшін катарактаны халықтық емдеу әдістеріне жүгінеді және бұған көп ақша мен уақыттарын сарп етеді. Ал бұл уақытта катаракта дамып, егер операция дер кезінде жасалмаса, асқыну – екіншілік глаукоманың дамуына байланысты көру қабілетінің толық жоғалу қаупі бар. Катарактаның ғажайып емі жоқ және оны халықтық әдістермен де, дәрі-дәрмектермен де емдеу мүмкін емес.

5. Көру қабілетін жақсарту үшін күнделікті өмір салтына нені қосуды ұсынар едіңіз?

Бірінші және ең бастысы - офтальмологқа жүйелі түрде баруды және жоспарлы тексерулерді жүргізуді бастау қажет. 40 жылдан кейін катаракта қаупі айтарлықтай артады, сондықтан аурудың алғашқы белгілерін уақытында байқап қалу үшін жылына кемінде бір рет профилактикалық тексеруден өткен жөн. Екіншіден, салауатты өмір салтының негізгі принциптерін ұстану қажет: сау, толыққанды ұйқы, физикалық белсенділік (жаттығулар, серуендеу), жаман әдеттерден бас тарту, көкөністерді, жемістерді және антиоксиданттық қасиеттері бар тағамдарды үнемі тұтыну, көзді ультракүлгін сәулеленуден қорғау үшін күннен қорғайтын көзілдірік немесе бас киімдерді пайдалану және химиялық заттармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтағаныңыз жөн.

Сарапшылар әрбір екінші көз ауруының қалай алдын алуға болатынын анықтайды

Ядран сараптамалық зерттеу орталығының X-Lab Оптинол жетекші сарапшылары сіз үшін соңғы зерттеулерді талдайды және тұтас тәсілді қолдана отырып, көз саулығына қалай дұрыс күтім жасау керектігін және оның бүкіл организм үшін не себепті маңызды екенін түсіндіреді. Жетекші офтальмологтар, невропатологтар, эндокринологтар, психиатрлар, ревматологтар, диетологтар, отоларингологтар, косметологтар, отбасылық дәрігерлер, фармацевттер және инженерлер құрғақ көзді не анықтайтынын және қандай белгілерді елемеуге болмайтынын, көздің иммунитетке қалай қатысы барын және күн сайын балғын және айқын көрініске қалай ие болатындығын талдайды.

Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Жүрек және көз денсаулығын жақсартуға көмектесетін жеті фактор

Көз ауруларының белгілері жүрек ауруына нұсқауы мүмкін. Көздің артқы жағындағы қан тамырларының орналасуына байланысты, тіпті ең кішкентай зақымданудың өзі ескерту белгісі болуы мүмкін. Американдық жүрек қауымдастығы біртұтас денсаулықты нығайтуға көмектесетін жеті салауатты өмір салты мен мінез-құлқын анықтады. Бұл жеті фактор қандай, жүректің саулығын тексермес бұрын көздің қандай белгілеріне назар аударған дұрыс - ұл сұрақтарға медицина ғылымдарының кандидаты және жетекші кардиолог Бикташев Дамир Бралиұлы жауап береді.

Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Балаңыз жақсы оқитын болады: Көру-қимыл үйлесімін қалай дамыту керек

Көру-қимыл үйлесімі көздің, мидың және дененің жұмысын байланыстырады.  Зерттеулер көрсеткендей, көру және қимыл үйлесімі дұрыс жетілген жас балалар оқу, жазу және математиканың негізгі дағдылары бойынша жақсы жетістіктерге жетеді. Балалардағы моториканы және үйлесімділікті жақсарту үшін дәрігерлер мақсатты ойындарды енгізуді ұсынады. Дәрігер педиатр Әубәкірова Нұржамал Талғатқызының эксклюзивтік зерттеуінде көру-қимыл үйлесімділігін жақсартуға және үлгерімін арттыруға не көмектесетінін біліңіз.

Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Көздің және мұрынның құрғауы: маман жазда аллергияны қалай емдеуге болатыны туралы кеңес бередіМаусымдық аллергиялық риноконъюнктивит - бұл бүкіл халықтың бестен бір бөлігіне әсер ететін мұрын мен көз ауруы. Ең жиі кездесетін белгілердің бірі – мұрынның қосалқы қуыстарының құрғауы. Соңғы зерттеулер мұрынның құрғауы мұрын секрециясының құрамының өзгеруіне байланысты құрғақ көз синдромын тудыруы мүмкін деп болжайды. Жазда аллергиялық ринит кезінде нені емдеу керектігін біліңіз – көз немесе мұрын

Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Мақала ЯДРАН ОПТИНОЛ, 01 Content & Technology - C3 Croatia халықаралық сандық агенттігімен ынтымақтастықта дайындалған.

Оптинол - жеңіл, орташа және өте ауыр құрғақ көз синдромында қолданылатын гиалурон қышқылына негізделген жасанды көзжасы препараттарының сериясы.

Авторы: Гүлмира Бақытқызы Тілеубаева
Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының консультациялық-реабилитациялық бөлімінің дәрігер офтальмологі, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр