Жазғы Азия ойындары: Қазақстандық қос дзюдошы қола жүлдегер атанды
Қазақстандық дзюдошылар ХІХ Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет: Olympic.kz/Sabirov Sali
63 келіге дейінгі салмақта белдескен Эсмигүл Күйлова медаль үшін күресте өзбекстандық Севинч Исокованы жеңіп кетті.
Бұл Қазақстан құрамасының осы Азиа ойындарындағы дзюдодан алған үшінші медалі. Кеше 48-ге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова күміс медаль иеленсе, ал Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды.
"Жеңіс оңай берілмейді, бірақ бүгін Эсмигүл жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Оның алда үлкен жеңістер күтіп тұрғанына күмәнім жоқ", – деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Абылайхан Жұбаназар 81 келі салмақта қола медаль үшін күресіп, Өзбекстан спортшысы Мусо Собировті иппон әдісімен жеңіп кетті. Осылайша ол ел қоржынына дзюдодан төртінші жүлдені сыйлады.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ