"Жаздың ыстығында қалың киініп жүрмін": Төреғалидің жары босанғаннан кейінгі күтімі жайлы
Жақында бесінші баласын қолына алып, перзентханадан шыққан әнші Төреғалидің жары босанғаннан кейін қалай күтініп жүргенін айтты, деп жазады Stan.kz.

"40 күн болмаса да, алғашқы 3 апта, қойдың етімен сорпаланып, салқын су ішпей, салқын суға қолды салмай, барынша тер шығару, денсаулықтың тезірек қалыпқа келуіне көмектеседі.
Міндетті түрде "қалжалануға" мән беру керек, әр өңірде әртүрлі, бірақ көбіне қыздың ата-анасы әкеледі қалжасын! Осы жаздың ыстығында қалың киініп жүрмін. Үйдің іші кондиционер қоспай, барынша күтіміме атсалысып жүр", – деп жазды Толқын Instagram сторисінде.
Айта кетейік, жақында келіншегі Төреғали Төреәліге ұл сыйлады. Оған Мұхаммеджан Тазабек азан шақырып, Төре Мұхаммед Әли деп ат қойды. Кенже баладан бөлек, Төреғали мен Толқынның Кәусар, Тоғжан, Фатима, Төренұр атты ұл-қыздары өсіп келеді.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?