Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлі келіншегі мен ұлын перзентханадан сән-салтанатпен шығарып алды (видео)

Жақында ұлды болған Төреғали Төреәлі келіншегі мен ұлын перзентханадан сән-салтанатпен шығарып алды, деп жазады Stan.kz. 

Бұл күнге ерекше дайындалған әнші арнайы музыканттар жалдап, перзентхананың алдында мереке ұйымдастырды.

Қуанышқа әншінің ата-анасы, бауырлары, балаларынан бөлек, жақын туыстары мен достары ортақтасқан. 

Төреғали ұлына Төре Мұхаммед Әли деген есім берді.

"Төре Мұхаммед Әли деп азан шақырып атын қойып, ақ батасын берген Алаштың ардақты ұлы Мұхамеджан (Тазабек) ағама Алла разы болсын! Сіздің де атұстарыңыздың бауы берік болсын аға. Өзіңіздей нар тұлға болсын! Бүгінгі туған күніңіз құтты болсын!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Баршаңызға алғыс айтамын ағайын! Сіздерге де осындай қуаныш жұғысты болсын!”, – деп жазды Төреғали желідегі парақшасында.

Айтпақшы бұл әулетте ер балалардың есімін "Төре" сөзінен бастау дәстүрге айналған. Бұл туралы әншінің өзі бұрын берген сұхбаттарының бірінде айтқан болатын. 

Төреғалидің әкесі – Төреәлі болса, үш қыздан кейін дүниеге келген атұстарының есімі – Төренұр.
 

Талқылау