Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазаны тартуға дайын: Сириядағы қазақстандықтар елге қайту үшін шет мемлекеттегі билікке берілген

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіндегілер қазақстандықтарды елге қайтару операциясының қалай жүргізілгенін мән-жайымен айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Сириядағы қазақстандықтар өздерін елден алып кетуді сұрауда

“Қазақстандық азаматтар елге қайту туралы шешімді өздері қабылдады. Олардың ішінде бір бөлігі қылмыстық жазаны тартуға дайын болды. Кейбіреулері елге қайту үшін туысқандарынан, БАҚ-тан көмек сұрады. Ал олар өз кезегінде құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінді. Сондай-ақ, Сирияда қару-жарақ аумағында балалардың еріктерінен тыс болғанын ескерген жөн”, — деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров.

Оның сөзінше, қазақстандық азаматтар Сирия аумағында орналасқан сириялық демократиялық күштерге өз еріктерімен берілген. Осыдан кейін қазақстандықтар отандық арнайы қызметтің және әскери транзиттің көмегімен үшінші елдер арқылы Қазақстанға жеткізілді.

“Қазақстандық әйелдер мен балаларды елге қайтару процесі аяқталған жоқ. Процестің шетелдік қызметкерлері жайында, бұл топтың қай жерден табылғаны жайлы нақты ақпарат жарияланбайды”, — деді Айбек Смадияров.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта әйелдер мен балалар арнайы адаптациялық орталыққа орналасты. Олар медициналық тексерістен өтуде.

Cыртқы істер министрлігінің ресми өкілінің сөзінше, карантин бір айға созылады. Сириядан келген қазақстандықтар бұл мерзім аралығында туысқандарымен араласпауға, қозғалыстарын шектеуге қарсылық танытқан жоқ. Олармен психологтар, теологтар, педагогтар қосымша жұмыс істейді. Сондай-ақ, жоғалған құжаттарды қайта жасауға көмек көрсетіледі.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 09 Қаңтар, 2019 20:57
Талқылау