Жәйремдегі шетелдіктермен болған қақтығысқа қатысты 7 адам ұсталды
Қарағанды облысында жұмысшылар мен шетелдіктер арасындағы төбелес нәтижесінде жеті адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұзақылық жасағаны және басқа адамдардың мүлкін жымқырды деген күдікпен Жәйрем ауылының 22-33 жас аралығындағы жеті тұрғыны анықталып ұсталды.
Ұсталғандар кінәсін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Қарағанды облысының комбинатында отандық және шетелдік жұмысшылардың төбелескені туралы хабарлаған едік.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді