Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жайықтағы су тасқынының екінші толқыны: 1400-ге жуық адам эвакуацияланды

Төтенше жағдайлар министрлігі мен жұмылған күштер Батыс Қазақстан облысындағы су басқан саяжай учаскелерінен алдын ала 1376 адамды эвакуациялап, уақытша орналастыру пунктеріне жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Уақытша орналастыру пунктерінде барлығы 1497 адам бар. Қалған азаматтар туыстарының үйлеріне орналастырылды.

“Орал қаласының маңындағы су басқан саяжай алаптарының аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Әуеде тікұшақ жұмыс істеп жатыр. Осы сағатқа дейін 100-ден астам үй жануары эвакуацияланды. Жұмыс жалғасады”, – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Қазір Батыс Қазақстан облысының эвакуациялық пунктерінде 2 300 адам, оның ішінде 985 бала бар. 4 925 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды.

Бұған дейін Жайық өзенінен тасыған су Орал маңындағы саяжайларды басып қалғанын хабарлаған едік. 

БҚО, Қызылорда облысы, Астана қаласы ТЖД құтқарушылары және ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқиға орнына келгені айтылады. Адамдар алдын ала эвакуацияланған. 

“Алайда жергілікті тұрғындар арасында үйлерінен өз еркімен кетуден бас тартқандар да бар. Жергілікті полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр”, – деп қосты ТЖМ.

Талқылау