Жайық өзенінен өтпек болған жүргізуші көлігімен бірге суға батып кетті
Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларына Жайық өзеніне батып кеткен автокөліктен ер адамның денесін алып шығу үшін бірнеше сағат қажет болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Төтенше жағдай 28 қыркүйекте таңғы сағат он жарымда Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында болған. Жанама ауылының 36 жастағы тұрғыны ВАЗ автокөлігімен Жайық өзенінен өтпек болған.
"Паром Жайық өзенінен өтіп бара жатқанда ВАЗ көлігінің тежегіші істен шығып, көлік батып кетті. Автокөлікте болған көлік иесі оқиға орнында қаза болды", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Марқұмның денесі көліктен шығарылып, шамамен үш сағаттан кейін жер бетіне көтерілді. Ол оқиға орнына келген полиция тергеу-жедел тобының қызметкерлеріне тапсырылды.
Оқиға орнында төрт құтқарушы мен бір техника жұмыс істеді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”