Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жайдарманшы Қабдол Тілеков үйленді

Жайдарманшы, әзілкеш әрі асаба Қабдол Тілеков шаңырақ көтерді. Бұл туралы әзілкештің достары хабарлады. 

Қабдол Тілековтің тойы Оралда өтті. Әзілкештің өзі бұл туралы хабарлаған жоқ. Алайда желіде тойдан естелік суреттер тарап кетті. 

Оның бойдақтық өмірмен қоштасқанын өнердегі досы Жасұлан Талғатұлы мәлімдеді. 

“Қыздар, Қабдол бойдақтықпен қоштасты. Енді бойдақ емес”, – деп жазды жайдарманшы Жасұлан желідегі парақшасында. 

Желі қолданушылары құтты болсын айтып, ақ тілегін арнады.

“Бақытты болсын, шаңырағың берік болсын”, “Салиқалы, сыйлы отбасы болыңдар”, “Неге өзі хабарламады, әлде хайп па?”, “Қабдол үйленгенде келіннің бетін кім ашты екен?”, “Жастар бақытты болсын, басқа не дейміз”, “Үйленгені жақсы емес пе? Бойдақ болғаны кімге керек?”, “Өз теңін тапса болды”, “Қай уакытта қызбен кездесіп үлгерді ,ана қаладан мына қалаға ұшып қонып жүріп”, – деп жазды олар. 


Талқылау