Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жаяу жүргіншілер мен саудагерлер бар": Үндістанда ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 279-ға жетті

Фото: Javed Dar XinHua, Global Look Press

Үндістанның Ахмедабад қаласында Air India ұшағы апатынан қаза тапқандар саны 279-ға жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NDTV басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жергілікті биліктің мәліметінше, тағы да мәйіт табылып, қаза тапқандар саны артқан. Олардың денесі Ахмедабад ауруханасының мәйітханасына жеткізілді. Мәйіттерді анықтау процесі жалғасып жатыр. 

Телеарнаның хабарлауынша, ұшақ бортында жолаушылар мен экипаж мүшелерін қосқанда 241 адам қаза тапқан. Ал жергілікті 33 тұрғын қаза тапты. Оның ішінде медициналық колледж жатақханасында болған он студент бар.

 



Қаза болғандардың арасында жатақхана ғимараты маңында болған жаяу жүргіншілер мен көше саудагерлері де бар.

"36 патологоанатом тәулік бойы жұмыс істеп, зардап шеккендердің жеке басын анықтау үшін ДНҚ талдаулары мен басқа да процедураларды жүргізіп жатыр. Бүгін жергілікті тұрғындардың сегіз денесі отбасыларына берілді", – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, бұған дейін Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаны туралы жазған едік. Ұшақ апатынан 241 адам көз жұмып, тек бір жолаушы тірі қалды. 

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 14 Маусым, 2025 18:52
Талқылау