Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жай ғана солай істегім келді": Ер азамат автобустағы барлық жолаушының жол ақысын төлеген

Новосибирск қаласының тұрғыны автобустағы жолаушылардың барлығынын атынан жол ақысын төлеп, әлеуметтік желілердің жұлдызына айналды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сурет: news.ngs.ru сайтынан

1 желтоқсан күні күндіз ең алғашқы аялдамадан отырып, кірген жолаушылардың барлығының жол ақысын төлей бастапты.

"Автобустың келе жатқанын көріп, жүгіріп барып міндім. Әлгі ер азамат маған бүгін жол ақысы сіз үшін тегін, мен сізге төлеп қойдым деді. Мен ненің құрметіне деп сұрап едім, жауап қатпады. Басқа да жолаушылар мүкін қуанышты жағдай болды ма, балаңыз д.ниеге келді ме деп сұраған сәтте, ол баласының жасаы 7-де екенін айтып, Жол бойы үн қатпады", - дейді сол күні автобусқа мінген жолаушы. 

Жағдайдың мән-жайын жолаушылар автобус жүргізушісінен де сұрапты, ол тек барлығы үшін осы кісі төлеп жатыр деп жауап берген көрінеді. 

Кейінне журналисттер ер азаматты тауып алыпты. Ол адам Новосибирск қаласына қонаққа келген кәсіпкер Денис Сағайдақ болып шыққан. 

Айтуынша, ер азамат жай ғана осылай істегісі келіп кетіпті. Денис интернеттің жұлдызына айналымын деп тіпті ойлаған. 

"Басқа адамдардың бұл оқиға жайлы пікірлерін оқыған өте қызық. Біріншіден, мен өзімнің нашақор еместіігімді, бұл күні ешқандай науқан немесе мейрам болмағандығын айтқым келеді. Ішкі түйсігім осылай істеуімді қалады", - дейді жомарт жолаушы Денис.

Сөзінше, ер замат бұрын-соңды былай жасамаған екен. Сонымен қатар ол алдағы уақытта бұл жағдай басқа адамдарға үлгі болады деген ойын жеткізді.

Денис Сағадақ 30 аялдамадан өтіп, 41 жолаушы үшін жол ақысын төлегенін айтты. Бәрін қосып есептегенде ол 1200 рубль (шамамен 7200 теңге) ақша құртыпты. 


 

STAN.KZ
Бейсенбі, 05 Желтоқсан, 2019 11:26
Талқылау