“Жай ғана ішінен ұрғым келді”: Алматы облысында азаматтық некедегі күйеуі әйелін айуандықпен өлтіріп тастаған

Алматы облысында азаматтық некедегі күйеуі әйелін бірнеше жерден пышақтап, айуандықпен өлтіріп тастады. Тергеу мәліметінше, ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжің дастарханның үстінде басталған. Араққа сылқия тойып алған олар сөзге келіп қалып, араларында дау-дамай туындаған. Сол сәтте ашуға булыққан ер адам келіншегіне пышақ ала жүгіріпті.

"Жай ғана ішінен ұрғым келді": Алматы облысында азаматтық некедегі күйеуі әйелін айуандықпен өлтіріп тастаған

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Мен оны қуып жетті. Жай ғана ішінен ұрғым келген. Қолымда пышақ болды. Сөйтсем бірнеше рет пышақпен ұрып жіберіппін», – дейді күдікті.

Қайғылы оқиға Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылында болған. Елді-мекендегі жер үйлердің бірінен көптеген пышақ жарақатын алған 37 жастағы баспана иесінің жансыз денесі табылған. Қаскүнем оның бетін де аяусыз тілгілеп тастаған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 45 жастағы ер адам ол әйелмен заңды некеде болмаған, алайда бірнеше жылдан бері бірге тұрып келіпті. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес, адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнынан табылған қылмыс құралы болуы мүмкін деген ас үй пышағы тәркіленді. Тәркіленген пышақ қазіргі таңда іс материалдарына айғақ зат ретінде тіркелді», – дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ресми өкілі Айгерім Көпбаева.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр