Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жауынгер ақмолалық тұрғынның өмірін аман алып қалды

Ұлттық ұланның жауынгері есінен танып қалған адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті, – деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланы баспасөз қызметі.

«Аңсар Рүстем қызметке шыға бере қобалжулы көршісіне назар аударған. Онысы бекер емес екен. Көршісі Майра Үкібаева жауынгерді көмекке шақырып, күйеуінің есінен танып қалғанын айтқан», – деп мәлімденеді хабарламада.

Жауынгер үйге кіріп, жуынатын бөлмеде ес-түссіз жатқан көршісін көреді. Аңсар ер адамның жүрек соғысын тексеріп, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Мұнан кейін жедел жәрдем шақырған. Дереу шешім қабылдаған Аңсар осылайша көршісінің өмірін аман алып қалды.

Көршісінің отбасы көрсеткен көмегі үшін жауынгерге алғыс білдірді.

Оқи отырыңыз:

Астана тұрғыны сот залында жәбірленушіні ұрып-соқты

Энергетика министрлігі Қазақстанда радиоактивті заттар жайылып кетті деген ақпаратты жоққа шығарды

Гарвард пен Оксфорд университеттері қазақтың бүркітші қызын оқуға шақырды

Қазақстандықтардың ашуына тиген ресейлік блогер қылмыстық жазаға тартылады

Талқылау