Минус 30°C-қа дейін аяз: Синоптиктер алдағы күндердің ауа райы болжамын айтты
Қазгидромет 2022 жылдың 3-5 ақпанына арналған ауа райы болжамын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамынша алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі Сібір антициклонының ықпалында болатындықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек 5 ақпанға қарай солтүстік-батыс циклоны елдің батысына өтіп, өзімен бірге жауын-шашын мен желді, мұзды ауа райын әкеледі. Республика бойынша тұман байқалады.
Еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда 20-30 градусқа дейін аяз сақталады, Қазақстанның қалған аумағында температуралық фонның елеулі өзгерістері күтілмейді.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ