Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашын, найзағай, бұршақ: Тамыз айына арналған ауа-райы болжамы жарияланды

Тамыз айына арналған ауа-райы болжамы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Синоптиктердің мәліметінше, тамыз айы Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райынан басталады. Атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі.

“Айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасының шамалы төмендеуі болжанады: республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде +12+22°С-тан +10+18°С-қа дейін, күндіз +30+35°С-тан +22+30°С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде түнде +20+27°С-тан +18+23°С-қа дейін, күндіз +34+42°С-тан +28+35°С-қа дейін”, – делінген хабарламада. 

Еліміздің батысында ауа температурасының түнде +13+20°С-тан 20+25°С-қа дейін, күндіз +25+30°С-тан +33+41°С-қа дейін; оңтүстік-батыста түнде +20+25°С-тан + 25+30°С-қа дейін шамалы ауытқуы күтіледі, күндіз ауа температурасы +30+40°С шегінде сақталады.

Тамыздың екінші және үшінші онкүндіктерінде республика аумағында барикалық түзілімдердің кезектесуі байқалатын болады. Ыстық және құрғақ күндер салқын және жаңбырлы, кейде найзағай мен бұршақпен ауысып отырады. Ауа температурасы солтүстік аймақтарда түнде +13+20°С-тан +8+15°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +23+30°С-қа дейін ауытқуы, оңтүстік және батыс аймақтарда ауа температурасының негізгі фоны түнде +13+22°С, күндіз +28+38°С күтіледі.

Талқылау