Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жауапты сәтте жолдасым қасымда болды": Актриса Жарқын-ай Ханайым қызын өмірге әкелді

Өнерлі жұп, кино әлеміне енді ғана қадам басып келе жатқан Айдар Асқарбек пен Жарқынай Ханайым ата-ана атанды. Сүйінші хабарды актрисаның өзі хабарлап, қуанышын бөлісті.

"Айдар екеуміз ата-ана болып, бақытқа кенеліп жатырмыз. Қызымыз өмірге келді. Құттықтай берсеңіздер болады. Есімін Айлана деп қойдық. Айлана Айдарқызы. Адамнан адам шығу оңай емес екен. Осындай жауапты сәтте жолдасым жанымнан табылды. Мені қолдап, демеу болды. Қызым екеуміздің арамызда көпір болды. Алғысым шексіз. Қызымның әжесі де жанын қоярға жер таппай мәз болып жүр. Бар ақылын айтып, көмектесіп жатыр. Осындай бақыт берген Аллаға шүкір айтамын. Жолдасыма, анамызға рахмет. Балама қарағанда бар қиындықты ұмытып кетем. Көз тимесін. Бала сүйгісі келген отбасыларға жұғысты болсын", - деп жазды Жарқынай желіде.


 Күйеуін "қалыңдығым" деп атаған Аша Матайдың келіні ұятқа қалды


 

Өнерлі жұптың достары мен желідегі жанкүйерлері жарыса құттықтап жатыр.

"Машааллаһ, Алла ғұмыры мен берсін. Дүние есігін ашқан нәрестенің болашағы жарқын, он екі мүшесі сау, әке-анасының бауырында аман-есен бойжетсін. Әке-анасына мейірімді, көз қуаныш болсын.🤲Сізді шын жүректен құттықтаймын. Салихалы, мейрімді ана болыңыз", "Құттықтаймын! Бауы берік болсын, дені сау болсын!", "Қуаныштарыңызға ортақпын, есімі әдемі екен", "Тіл-көз тимесін, тек бақыт тілеймін", - деп жазды олар. 

Айдар Асқарбек Жарқынай Ханайымға үйленуге ұсыныс жасаған еді. Кейіннен сырға салу, беташар рәсімін жасап, қуанышын атап өтті.  

Талқылау