"Жаттықтырушысының тәртібіне көңілі толмаған": Ламин Ямальдың агенті оны басқа клубтарға ұсынып жатыр
Фото: Ламин Ямальдың Instagram парақшасынан
"Барселона" клубының 18 жастағы ойыншысы Ламин Ямальдың агенті Жорже Мендеш оны Еуропаның басқа беделді клубтарына ұсына бастады. Алайда бұл нақты трансфер жасау емес, клуб басшылығына бағытталған ескерту ретінде қарастырылуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Don Balon порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Деректерге сүйенсек, бас бапкер Ханси Флик пен Ямаль арасындағы қарым-қатынас күрделене түскен. Флик ойыншының тәртібіне көңілі толмайды және одан қорғаныста көбірек ойнауды талап еткен. Ал футболшының жақындары, керісінше, бапкердің тым қысым көрсетіп жатқанын айтады.
Осы жағдайдан кейін агент Жорже Мендеш іске араласып, Ямальға бас бапкер тарапынан көбірек еркіндік берілуін талап етіп отыр. Сондай-ақ, Фликтің ойыншы жайлы көпшілік алдында сыни пікір айтуын тоқтатуды сұраған.
Айта кетейік, Ламин Ямаль – әлемдегі ең қымбат футболшы. Transfermarkt бағалауы бойынша оның құны – 200 миллион еуро. Жас жұлдыз Еуропа мен Испания чемпионы атанып үлгерді. Сонымен қатар, екі жыл қатарынан әлемнің үздік жас футболшысы атанды және "Алтын доп" жүлдесінде топ-3-ке енген ең жас ойыншы болды.
Жорже Мендеш – әлемдегі ең ықпалды футбол агенттерінің бірі. Ол Криштиану Роналду мен Жозе Моуринью сияқты жұлдыздармен жұмыс істейді. Сонымен қатар, бұрыннан бері ағылшынның "Вулверхэмптон" клубымен де серіктестік орнатқан.

"Финалда секеңдеп, секіріп дұрыс емес үлгі көрсетемін бе деп қорықтым. Маған шоу көрсет деді..." – Айдос Сұлтанғали
