Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жатырсыз туған әйел екінші баласын дүниеге әкелді

жатырсыз әйел

Фото: pixabay.com

АҚШ-тың Юта штатында тұратын әйел донорлық жатырды трансплантациялау нәтижесінде екінші рет ана болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі WHIO басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жатырсыз дүниеге келген Аманда Груэнделге 2020 жылы Кливленд клиникасында бірегей трансплантациялық ота жасалған.

"Өмірімдегі ең үлкен құрмет осы зерттеулерге қатысу мүмкіндігіне ие болу болды", – деп мойындады ол.

Ота сәтті өтіп, экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) арқылы оның тұңғыш қызы Грейс дүниеге келді. Ал 2025 жылдың қараша айында отбасы тағы бір қуанышқа кенеліп, ұлы Леон өмірге келді.

Екінші баланы дүниеге әкелу туралы шешім ерлі-зайыптылар үшін оңай болмаған.

"Эмбрионды бірнеше рет сәтсіз көшіру, түсік – осы баланы сүю үшін талай сынақтан өттік", – деді Груэндел.

Бағдарлама хаттамасына сәйкес, бір немесе екі жүктіліктен кейін трансплантацияланған орган алынып тасталады, бұл науқастың иммунды басатын дәрілерді қабылдауды тоқтатуына мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта ұлы дүниеге келгеннен кейін әйелге гистерэктомия жасалған.

"Бұл ауыр да қиын, бірақ сонымен бірге таңғажайып әрі керемет тәжірибе болды", – деп бөлісті жас ана өз әсерімен. Сондай-ақ ол донорға және оның отбасына шексіз алғысын білдірді.

Назархан Уән
Жексенбі, 04 Қаңтар, 2026 19:33