Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жатақхана тапшылығы: Алматыдағы 59 хостелге студенттер орналастырылмақ

Жатақханада орын жетпей қалған университет студенттері шағын қонақ үйлерде  тұратын болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: vengi.ru

Ғылым және жоғары білім министрлігі осындай шешім қабылданғанын мәлімдеді.

Бұл туралы министр Саясат Нұрбек өзінің Telegram-арнасында хабарлады. Осылайша, министрлік жатақханадағы орын тапшылығы мәселесін шешуді жоспарлап отыр.

Алматыда университет студенттерінің жатақханасының жетіспеушілігін жеке жатақханалар есебінен шешеміз. Алматы қаласының жоғары оқу орындары 60-қа жуық шағын қонақ үй иелерімен келісім-шартқа отырды. Кәсіпкерлер ұсынысты ықыласпен қабылдады, - деп жазды министр.

Әр студентті орналастыру үшін жатақхана иелеріне айына 30-дан 50 мың теңгеге дейін төленеді. Жалпы, студенттерді қонақүйлерге орналастыру арқылы олар республика бойынша жатақханадағы 20 мың орын тапшылығының орнын толтыруды көздеп отыр.
 

Талқылау