Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жастай босанған бойжеткен сәбиін аяқ киім қорабына салып, төсек астына тығып кеткен

Аеша Тарик кең киімдер киіп, жүктілігін отбасынан жасырып келген. Ешкімнен көмек сұрай алмаған бойжеткен анасынан қорыққандықтан өз бөлмесінде дыбысын шығармастан босанған. Емтиханға баруы керек болғандықтан, сәбиін аяқ киім қорабына салып кеткен. 

Бұл туралы ағылшын басылымы Mirror-ға сілтеп Stan.kz хабарлайды. 

Бүгінде 23 жасқа толған бойжеткен жастық шағында ұрынған қателігі жайлы баяндап берді. Ол полицияға сәбидің жыламағанын, сол себепті оны қорапқа салып кеткенін айтқан. Ертесі күні ештеңе болмағандай сабағына кеткен. Алайда үш күннен кейін анасы Таслем Ахтар бөлмеден жағымсыз иіс шығып жатқанын байқап, тінту жүргізген. Ақырында лас төсеніштерді тауып алған. Қызын сұрақтың астына алғанда, ол шыдамастан бар шындықты жайып салған көрінеді. 

Анасына екі адамға зорланғанын айтқан Аеша полицияға басқаша түсініктеме берген. Ол бір жігітпен жасырын байланыста болғанын мойындаған. 

Сәбидің анасы өзінің қалай босанғаны жайлы сұрақтарға жауап беруден бас тартты. Аеша баласының өлі боп туғанын мәлімдегенімен, полиция оны қамауға алды. Себебі мамандардың айтуынша, баланың өлі не тірі боп туғанын анықтау енді мүмкін емес. Сондықтан да бикеш өз баласын өлтірді деп айыпталып отыр. 

Жіберіп алмаңыз:

Сәбидің шығып келе жатқанын сезген әйел аурухана дәлізінде босанып қалды (фото)

Блогер танымалдық үшін қызып тұрған газ плитасына қолын күйдірді (видео)

Атасының қатігездігі үшін ашыққан жапониялық әйел салмағы 16 келі кезіндегі суретін көрсетті (фото)

Қытайда 20 сағат бойы ойын ойнаған жігіт жүре алмай қалды (видео)

Талқылау