Соңғы жаңалықтар

"Жасөспірімді жалаңаштанған денесін суретке түсіруге мәжбүрлеген": Қазақстанда интернет арқылы зәбір көрген балалар саны артуда

Қазақстанда интернет арқылы зәбір көрген балалар саны артып келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әйел 4 жасар баласын компьютерлік ойын ойнағаны үшін өлтіріп тастады

Ішкі істер министрлігі мамандарының айтуынша, бұған мектептердің онлайн оқуға көшуі де себеп болып отырған көрінеді. Яғни, қылмыскерлер әлеуметтік желілер арқылы балаларға психологиялық қысым көрсетіп, тіпті, суицидке дейін итермелейді екен.

Биылдың өзінде Арыс, Ақтау және Қызылорда қалаларының тұрғындары әлеуметтік желі арқылы балаларға қысым көрсеткен. Оның бірі - 13 жастағы қызды алдап-сулап жалаңаштанған денесін суретке түсіріп жіберуге мәжбүрлесе, 15 жастағы оқушы желіге анайы видеолар таратқан. Алайда ол кәмелеттік жасқа толмағандықтан, іс аяқсыз қалды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, интернеттегі қылмыскерлердің көбі шетелдіктер екен. Сондықтан өзге елдің тәртіп сақшыларымен бірлесе жұмыс істейді. Бірақ полицейлер заңсыздықпен іс біткеннен кейін емес, алдын алып күрескен дұрыс екенін айтады. Осы себепті ата-аналарға қырағылық танытып, балаларын бақылауда ұстауды сұрайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр