AAPL
146.95 $
-0.28 %
TSLA
710.92 $
0.17 %
NDAQ
189.36 $
0.37 %
GOOGL
2702.51 $
-0.37 %
FB
358.92 $
2.19 %
FRHC
63.77 $
-0.08 %
AAPL
146.95 $
-0.28 %
TSLA
710.92 $
0.17 %
NDAQ
189.36 $
0.37 %
GOOGL
2702.51 $
-0.37 %
FB
358.92 $
2.19 %
FRHC
63.77 $
-0.08 %

Жасөспірім вакцина алу құқығы үшін екпеге қарсы болған ата-анасымен соттаспақшы

Флоренциядан келген 17 жастағы итальяндық жасөспірімнің ата-анасы вакцинацияға қарсы. Олар өздерін вакцинациялағысы келмейді, сонымен қатар ұлына да екпе жасатуға тыйым салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Анасы мен әкесі вакцинацияға заңмен талап етілген жазбаша келісім беруден бас тартқаннан кейін, жігіт мұғалімдермен және сыныптастарымен сөйлесіп, ата-анасын сотқа беруді ойлаған. Мектепте жасөспірімнің бастамасы қолдау тауып, Тосканың отбасылық адвокаттар қауымдастығына (Ami) жүгінуге кеңес берді.

“Қазіргі уақытта сот процесі басталмады және оны іске қосуға болатындығы факт емес. Фемидаға жүгінбестен шешім табуға болады деп үміттенеміз”, – деп түсіндіреді аталған қауымдастықтың президенті Джанни Балдини.

Адвокат жасөспірімнің ата-анасымен түсіндірме әңгіме өткізіп, олардың мәселеге деген көзқарасын өзгертуге тырысады. Джаннидің айтуынша, оның клиентінің ісі, ата-анасының қатаң ұстанымына қарамастан, соңында жақсы аяқталуы мүмкін.

“Менің қарауымда 1. жастағы бала вакцинация алғысы келеді, бірақ ата-анасының бірі қолдайды, ал екіншісі қарсы. Мұндай жағдайларда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну енді мүмкін емес", – дейді Балдини.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр