Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасөспірім ММА турнирінде басына тиген соққыдан көз жұмды

Ресейдің Белогорск қаласында 16 жастағы спортшы аралас жекпе-жектен жарыс кезінде көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

мма

Қайғылы оқиға қалалық ММА федерациясы ұйымдастырған жарыста болды. Жас спортшылардың бірі басына тиген соққыдан соң ауруханаға түсіп, кейін жансақтау бөлімінде көз жұмды. 

Мәлім болғандай спортшылардың жарысқа қатысуы үшін барлық заңдық талаптар сақталған және ата-аналардың рұқсаты алынған екен. Дегенмен 16-17 жастағы спортшылар ашық типтегі боксшыларға арналған бас киім киюі керек болса да бас төреші сайысты бас киімсіз өткізу туралы шешім қабылдапты. 

Көз жұмған Богдан Пушкарев көпбалалы отбасыдан шыққан және колледжде білім алыпты. Ал аралас жекпе-жекпен шұғылданып жүргеніне бір жыл да болмапты. 

Талқылау