Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаслан Мәдиев цифрлық даму бірінші вице-министрі қызметінен босатылады

Үкімет қаулысымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев 30 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметінен босатылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаслан Мәдиев 1983 жылы 13 маусымда туған.

2004 ж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "әлемдік экономика және халықаралық қаржы" мамандығы бойынша бітірген.

2007 ж- "Болашақ" бағдарламасы бойынша Нью-Йоркте Халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебін, Массачусетс технологиялық институтын, Слоун бизнес мектебін тәмамдаған. Мамандығы- экономикалық саясатты басқару.  

2004-2006 жж. - "Альянс Банк" АҚ-та маман, жетекші маман, бас маман, борышкерлік құнды қағаздар бөлімінің басшысы.

2007 ж. -  Лондон қаласындағы "Morgan Stanley" инвестициялық банктің құнды қағаздар және облигациялар сату департаментінде қызмет еткен.

2007-2008 жж. - "Қазына"тұрақты даму қоры" АҚ-ның корпоративтік қаржылар департаменті бас менеджері.

2008 ж. – ҚР Президенті әкімшілігі стратегиялық әзірлемелер және сараптама орталығының сарапшысы.  

2008-2009 жж. - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, қазынашылық департаменті директоры.

2009-2010 жж. - "Kazyna Capital Management" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2010-2011 жж. - "Ұлар-Үміт" ЖЗҚ, "Жетісу" АҚ  директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

2010-2014 жж. - "Қазақстан Даму Банкі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2014-2015 жж. - Ұлттық банктің монетарлық операциялар және активтерді басқару жөніндегі директорының орынбасары.

2014-2015 жж. – "Ұлттық Инвестициялық Корпорация" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 

2016 ж. – ҚР Премьер-министрінің, ҚР Премьер-министрі кеңсесінің кеңесшісі. 

2017-2019 жж. - "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның қаржы жөніндегі вице-президенті.

2019 жылдың 9 сәуірінен - Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі.  

Талқылау