Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасырмай айтамыз: Банк картасын қалай тиімді етуге болады?

Үйден шықпас бұрын әрбіріміз ең қажетті заттарды, атап айтсақ, смартфон, маска, кілт пен ең маңыздысы - банк картасын ұмытпағанымызды тексереміз. Ал дәл осы карталар күнделікті өмірде қағаз ақшаның орнын басып, тіпті әмиянды қажет етпейтін жағдайға жеткізді. Тұрғындардың төлем жүргізуінің ең басты құралы болып кеткен картаны қалай табыс көзіне айналдыруға болады?

Жусан

Банк картасын таңдағанда қандай шарттарға мән берген жөн:

Базалық кэшбэк 

Клиенттердің назарын өзіне аудару үшін бүгінде банктер түрлі әдіс пайдаланады. Оның ішінде ең танымалы - жұмсалған қаражаттың бір бөлігін кэшбек ретінде қайтару. Картадағы кэшбэк көлемі неғұрлым көп болған сайын, сіз соғұрлым көбірек ақша үнемдейсіз. Қазіргі уақытта қазақстандық банктер ұсынатын стандартты кэшбэк мөлшері 0,5-1,5%-ды құрайды. 

Бұл тұрғыда бүгінгі күні ең тиімді шарттарымен Jusan Pay картасы көзге түседі. Оның базалық бонусы қолма-қол ақшасыз жүргізілген төлемнің 2%-ына дейін жетеді. Ал жинақталған бонусты Jusan мобильді қолданбасы арқылы қызметтерге төлем жасауға немесе ең тиімді ұсыныстары мен алуан түрлі тауарлар жинақталған Jmart сауда онлайн-сервисінде жұмсауға болады. 

Кэшбек лимиті

Әдетте банктер өздері ұсынған кэшбэкке әр айдың қорытындысы бойынша клиентке қайтарылатын максималды сома мөлшері бойынша шектеу қояды. Бұл сипаттамаға сәйкес максималды сома 10 мыңнан басталып, көп жағдайда ол 30 мың теңгеден аспайды. 

Ал Jusan Pay картасын пайдаланушы бұл жағдайдан да ұтады, себебі мұндағы кэшбек 35 мың теңгеге жетеді.

Картаның қызметі 

Егер картаны пайдалану шығындары оның артықшылықтарынан асып түссе, одан не пайда? Сондықтан да карта таңдар алдында келіп-кетер кірістен бөлек, шығын көлемін де анықтап алған жөн. Ал ең тиімді карта ретінде бонустары мен кэшбектері оның қызметіне кететін шығынды бірнеше еселеп өтеп алатынын айтуға болады. 

Jusan Pay картасын шығару мен жеткізу құны - 0 теңге. Бұдан бөлек, картаның екі жыл қатарынан қызметі тегін болады. Сондай-ақ, клиенттер SMS-хабарландыру қызметін тегін пайдаланып, банк ішіндегі ақша аударымдары мен еліміздің аумағындағы кез келген банкоматынан 500 000 теңгеге дейін қолма-қол ақша алуды комиссиясыз іске асыра алады.  

Сан түрлі банк карталарының ішінде сіздің жағдайыңызға икемделіп, табысыңызға үлес қосуға қабілеттісін таңдау өте маңызды. Карта таңдағанда ұтылмас үшін тек жарнамада айтылатын уәделерге ғана емес, оның айтылмай қалған шарттарына да көңіл аударыңыз. Себебі сіз үшін жарнама емес, оның шарттары әлдеқайда пайдалы болмақ!

Талқылау