Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасыл әрі жасампаз: Үздіктерге арналған HUAWEI nova 11 Pro несімен ерекшеленеді?

Әлеуметтік желілерде селфиге түсу сәнге айналғанда HUAWEI nova 11 сериясының су жаңа HUAWEI nova 11 Pro смартфоны жарыққа шықты. Гаджет бірінші кезекте дизайн және камерасымен ерекшеленеді. Бүгін Stan.kz танымалдығы артып келе жатқан флагман санатындағы смартфонмен таныстырады.

HUAWEI nova 11 сериясы әсем дизайн мен жақсы камерадан бөлек, портретті суретке түсіру мүмкіндігіне де ие болды. Қазір құрылғы премиум санаттағы смартфонға қажет барлық мүмкіндіктерге ие болған.

Сыртқы келбеті

HUAWEI nova 11 Pro-ның басты ерекшелігі – дизайны, дәлірек айтқанда, артқы панелінде. Стандартты әйнек, алюминий, пластиктің орнына HUAWEI nova 11 Pro нұсқасында эко былғары қолданылған. Эко былғары ұстауға өте жағымды, қолдан тайып кетпейді.

Тез тозып, құлаған кезде оңайлықпен сырылмайды. Әдеттегідей экран бірқалыпты доғал орналасқан. Бұл қолға ұстағанға ыңғайлы әрі әсерлі көрінеді. Артқы панелінде үлкен бір және кішкене екі камера, экранда екі камера орналасқан.

Камера

HUAWEI nova 11 Pro XD portrait технологиясын қолданады. Суретті түсіру кезінде смартфон табиғи бейнені сақтайды. Портретте жарық пен көлеңке жақсы бөлініп, тіпті макияж қосу функциясы да бар. Яғни суретті бірден фильтр арқылы түсіре аламыз.

Негізгі модулі 60 мегапиксельді, көру аумағы 100 градус қос алдыңғы камера жарыққа сезімтал. Артқы панельдегі 8 МП портреттік камераларының модулі топтық фотосуреттер үшін 0,7 x-тен 5x-ке дейін, HD сапасында селфи үшін 1x, портреттер үшін 2x, жақыннан түсірілген суреттер үшін 5x масштабтау мүмкіндіктері бар.

Сонымен қатар, қазір аса танымалдыққа ие ультра кең модульдері де бар.

Дисплей

Жаңа смартфон 120 Гц жаңарту жиілігі және 2652×1200 кеңету мүмкіндігі бар 6,78 дюймдік доғал OLED экранымен жабдықталған. 1440 Гц PWM күңгірттенеді. Яғни жарықта жұмыс істеу кезінде экран күңгірт түске боялып, ұзақ уақыт пайдалану кезінде көздің шаршауына жол бермейді.

HUAWEI nova 11 Pro - display Turbo технологиясын алған алғашқы серия. Ол түстердің алмасуын, диапазонның кеңеюін, кескіннің бір келкі болып, айқын көрінуін қамтамасыз етеді. HUAWEI nova сериясындағы екінші жаңалық смартфон осы сериядағы Kunlun әйнегі алғашқы гаджет.

Жады

HUAWEI nova 11 Pro 256 Гб жады және 8 ГБ жедел жады бар Qualcomm SM7325 Snapdragon 778G 4G чипсетіне ие. Бұл процессор субфлагман санат үшін арнайы жасалған.

Смартфон AI Scheduling 3.0 функциясымен жабдықталған. Бұл әсіресе смартфонда ойын ойнайтын жандар үшін қуанышты жаңалық, себебі құрылғы нақты уақыт режимінде ойын кезеңін автоматты түрде танып, оған сәйкес келетін кадрлар санын реттеп, ойын сюжетін сақтап, қуат тиімділігін арттырады.

Touch Turbo 3.0 экранды қозғау операцияларының жылдамдығын дәлдігін арттырған. Сенсорлық реакцияның кешігуі 5%-ға төмендеді. Егер смартфонның жады толып кетсе не смартфон қатып қалса, онда disk Turbo технологиясының арқасында сирек қолданылатын қосымшалар автоматты түрде анықталып, смартфон жадын босатуға жол ашады.

Байланыс

Смартфонда LTE бар - модем жылдам, тұрақты жұмыс істейді. Өндіруші диапазондарды нақтыламайды, бірақ Huawei-де бұл жағынан қиындық ешқашан болған емес. Сымсыз модульдер: Wi-Fi (802.11 a/b/g/n/ac/ax), Bluetooth 5.2, IR порты, NFC, GPS, GLONASS, BeiDou, Galileo, QZSS және NavIC бар.

Қуат

HUAWEI nova 11 Pro-ның ең қатты таңғалдырған тұсы – 100 ватт зарядтау құрылғысы. Батареяны 0-ден 100% - ға дейін қуаттау шамамен 25 минутты алады, ал 10 минут ішінде батарея 50% зарядталды.

Бағдарламалар

Смартфонның операциялық жүйесі Android 12 модификацияланған нұсқасында жасалған, бірақ Google қызметтері жоқ. EMUI 13 жылдам жұмыс істейді және көптеген мүмкіндіктерге ие: тақырыптар, виджеттер, қаріптер және т. б.

Егер сізге Google бағдарламалары міндетті түрде қажет болса, оны Huawei смартфондарына еш қиындықсыз орната аласыз. Ол үшін AppGallery-де Gmail немесе YouTube бағдарламасын іздеп тауып, "Орнату" түймесін басқаннан кейін сізден gbox қолданбасын орнату сұралады. Оған барлық қажетті рұқсаттарды бергеннен кейін, бәрі қарапайым Android смартфонындағыдай жұмыс істейді.

Қауіпсіздік

Жаңа гаджеттің тағы бір ерекшелігі, сіздің жеке ақпаратыңыздың қауіпсіздігіне үлкен мән береді. Смартфоныңыздағы мобильді қосымшалар сіздің жеке ақпаратыңызды қаншалықты жиі қолданғаны туралы ақпарат беріп, қандай да бір күдікті әрекеттер болса, ескерту жасап отырады. 

Қауіпсіздік функциясын қосқан кезде сіздің смартфоныңызға орнатылған күдікті қосымшаларға сканер жасап, вирустарды анықтап отырады. Фото түсірілім кезінде құпиялықты сақтауды қаласаңыз, сіздің тұрған аймақ пен суретті түсірген құрылғыңыздың аты автоматты түрде өшіп қалады.

Жарнама құқығында 

Талқылау