Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасанды интеллект ұйқының бұзылуынан адамның түр-әлпеті қалай өзгеретінін көрсетті

Жасанды интеллект арқылы жасалған жаңа сауалнама мен суреттерге сәйкес, адамдар түнгі ұйқы маңыздылығын түсінеді. Simba Sleep-тің жаңа зерттеулері ұйқының адамның түрімен байланысын анықтады. Ұйқысыздықтан әжім пайда болып, көздің асты қараятынын көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tomsguide сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Simba Sleep

Simba Sleep 18 және одан жоғары жастағы 2000 адамнан ұйқы режимі оларға қалай әсер ететінін анықтау үшін сауалнама жүргізді. Содан кейін бұл деректер Sleep Deprivation Avatar жасанды интеллект генераторына жіберілді. Осы деректерді пайдалана отырып, Sleep Deprivation Avatar ұйқысы дұрыс емес адамдардың түрі қандай болатынын жасады. 

"Түнде теріңіз жаңарып, қалпына келеді және жаңа жасушаларды жасайды. Осы табиғи қалпына келтіру циклі бұзылса, денеңіз теріңізді әр түнде қалпына келтіруге уақыт таппайды"", – дейді Simba қайырымдылық серіктесі The Sleep Charity бас директорының орынбасары Лиза Артис.

Көздің асты қараюы, терінің құрғауы, майда әжімдер мен безеулер, көздің ісінуі ұйқының дұрыс болмауынан пайда болады. Респонденттердің ұйқысы бұзылған кезде беттерінде жағымсыз өзгерістер байқалған.

Оның есесіне ұйқысыздық жастарға өте қатты әсер етеді екен. 18 бен 24 жас аралығындағы адамдардың 20%-ы жеті сағаттан аз ұйықтағаннан кейін терісі құрғап, қабыршақтаныпты. Ал 25 пен 34 жас аралығындағы адамдардың 17%-ы, ал үлкен жастағылардың тек 13%-ында құрғақтық сезілген. Z буын респонденттерінің 29%-ында ұйқының дұрыс болмауынан көзінің асты қарайған, ал басқаларының тек 20%-ында мұндай өзгеріс байқалған. 

Адамның ұйқысы қанбаса, мұны ағза "төмен деңгейлі төтенше жағдай" ретінде қабылдайды да, кортизол сынды гормонды бөледі. Бұл стресстік реакция қан мен қоректік заттарды негізгі мүшелерге бағыттайды. Сол себепті теріге қан жетпей, салдарынан бөртпе шығады, көздің асты қараяды. 

"Ұйқы қуаттағыш сияқты. Ол гормондық тепе-теңдікті қалпына келтіруге және сақтауға көмектеседі. Ұйқысыз жасуша айналымы дұрыс жүрмейді, соның кесірінен тері де жаңаланбайды”, – деді маман.

Сонымен қатар ұйқы жеткіліксіз болса, дене коллагенді де аз бөледі және өсу гормонының шығуы баяулайды. 

"Түнгі ұйқы тек тынығу үшін емес, жалпы денсаулығыңыз бен теріңіздің әл-ауқаты үшін де өте маңызды", – дейді Лиза Артис.

Ол ұйқының дұрыс болуы үшін бірнеше кеңестер айтты. 

Ұйықтар алдында күн тәртібін жасаңыз

Ұйықтар алдында демалып, тыныштандыратын бет маскасын қолдану, салқындататын көз патчтарын жағу және тыныштандыратын дыбыстарды тыңдаған пайдалы. Сондай-ақ телефонды алып тастаған жөн. 

Күнде таңертең бір уақытта ояныңыз

Тіпті демалыс күні де ерте ояну – тәуліктік ырғақты қалпына келтірудің тамаша тәсілі. Бұл тезірек ұйықтап кетуге және келесі күні таңертең демалуға көмектеседі.

Ұййықтайтын жерді ретке келтіріңіз

Ыңғайлы матрас таңдап, жан-жағыңызды ретке келтіру ұйқы үшін өте пайдалы. 

Талқылау