Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасанды интеллект көмегімен "Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры" құрылады

Ғылым және жоғары білім министрлігі академиялық және аударма сөздіктер, терминологиялық мәліметтер базасына негізделген жаңа мемлекеттік ақпарат жүйесін құрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Ашық НҚА" порталында "Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры" ақпарат жүйесін қалыптастыру  туралы жоба пайда болды.

Жобаның мақсаты:

  • қазақ тілін мәдени құндылық ретінде сақтау, қорғау және дамыту;
  • мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту,
  • қазақ тілін қолданудың барлық саласын қамтитын ресурстарды жинақтау,
  • тілдің қазіргі лексикалық құрамын ретке келтіру, цифрландыру, генерациялау,
  • оны жасанды интеллект пен заманауи технологияларға бейімдеу, өңдеу процестерін автоматтандыру.


Заң жобасына сәйкес, интеллект "Қазақ тілінің ұлттық лексика қоры" негізінде оқытылып қана қоймай, оны құруда белсенді түрде қолданылады.

"Қордың ауқымын кеңейту және жаңа перспективаларды ашу үшін сыртқы жүйелермен, мәтіндерді өңдеу және талдау құралдарымен және жасанды интеллект көмекшілерімен интеграциялау механизмін әзірлеу қажет", – делінген құжатта.

Талқылау