Күйеу жігіттің анасының көзінше: Жас жұбайлар үйлене салысымен көз жұмды
АҚШ-тың Техас штатында қалыңдық пен күйеу жігіт некелескен соң қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
19 жастағы Харли Джо Морган және 20 жастағы Рианнон Мари Морган некелесе сала көз жұмды. Олар отырған көлікке пикап жүк көлігі соғылды. Көлік жолдан тайып кетті. Екеуі де оқиға орнында қайтыс болды. Пикап жүргізушісі зардап шеккен жоқ.
Апат олардың соңынан көлікпен келе жатқан күйеу жігіттің анасының көз алдында болған.
«Мен ол жерде болып, олардың қалай мерт болғанын көрдім. Олар бес минут бұрын ғана үйленген еді», - дейді ол.
Әйел күйреген көліктен ұлы мен келінін шығаруға тырысты, бірақ оларға көмектесе алмады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”