Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас жүзгіштер Азия чемпионатында топ жарды

Қазақстандық жас жүзгіштер Филиппинде өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Спортты дамыту дирекция

Көркем жүзуден Қазақстанның 13-15 жас арасындағы құрамасы Азия чемпионатында үздік шығып, жарыс жеңімпазы атанды. Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында жас спортшыларымыз топтық жарыста бірінші орын алды. Команда құрамында Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадуллина, Анжелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Жаманчалова, Альбина Өмірсерікова, Варвара Снегирёва, Аяулым Жақпаева, Перизат Багаева өнер көрсетті. Қыздар құрамасы көркем жүзуден біріккен топта 204,6708 ұпай жинап топ жарсы, Өзбекстан құрамасы 183,5552 ұпаймен екінші орын, Таиланд 124,9374 ұпаймен қола жүлдені қанағат тұтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық жүзгіштердің Азия чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізгенін жазғанбыз. 

Талқылау