Жас жігіт зейнеткер әйелді автобустың астына итеріп жіберді (видео)
Мәскеуде жас жігіт егде жастағы әйелді соққыға жығып, артынша автобус астына итеріп жіберді. Оқиға Киевский вокзалы маңында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.
27 жастағы жігіт пен зейнет жасындағы әйел кісі сөзге келіп қалған. Ашулы жігіт әйелді ұрып, тепкінің астына алған. Әйел жүріп бара жатқан автобустың астына түсіп кетеді. Нәтижесінде, ол көз жұмған.
“Автобус көлігінің бейнекамерасына әйелді тепкілеп жатқан жігіттің қылығы анық түсіп қалған. Ол қазір жасаған қылмысын мойындады”, – дейді тергеу комитеті басшысының орынбасары Юлия Иванова.
Қазіргі таңда жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”