Жас миллиардер Марат Әбиевтің үстінен тағы да қылмыстық іс қозғалды
"Болашақтың сәулетшісі", жас миллиардер әрі кәсіпкер, “Қазақстандық арман " кітабының авторы Марат Әбиевтің үстінен іс қозғалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Kozachkov offside Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Ол Apina Export ЖШС бойынша екі компания Махметов пен Новицкиймен, сондай-ақ осы компанияның бас директоры Жәнібек Дарибаевпен бірге экономикалық контрабанда жасады деп күдікке ілінді. Оған мұнай өнімдерінің едәуір айналымы және ұйымдасқан қылмыстық топтың пайда болуына қатысты айып тағылуда.
“Алдын ала мәліметтер бойынша, дизельді 11 миллиард теңгеден астам сомаға (немесе жалған құжаттармен) сатқан. Сондай-ақ іс бойынша "Вернал ойл Казахстан" өңдеу зауытының басшысы Евгений Гребневтан жауап алынуда. Олардың барлығы ұсталды”, – деп жазды журналист Козачков.
Естеріңізге салсақ, Әбиев Тоқаев инаугурациясынан кейін митинг ұйымдастырғаны үшін жауапкершілікке тартылып, 15 күнге қамауға алынған еді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн