"Жас кезіңде кәрі болыпсың ғой": Гүлнұр Оразымбетова ескі видеосымен жұртты шошытып алды (видео)
Гүлнұр Оразымбетова ескі видеосымен жұртты шошытып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Танымал өнер иесі желідегі парақшасына ескі видеоларының бірін жүктеп, жазба қалдырған. Отандық бағдарламалардың бірінде ән айтқан Гүлнұр Оразымбетованы танымай қаласың. 20 жыл бұрынғы бейнесін көрсеткен әнші өзінің сәнқой екенін айтып мақтанған.
"Жеңіс апамнан келген видео. Осыдан тура 20 жыл бұрын. Қысқа шаш, шашымдағы заколка 20 жылдан кейін "в тренде" болатынын қалай білгем? Сейфуллин Жолбарыстың "Сағыныш" деген әні", - деп жазды Гүлнұр Оразымбетова.
Мүны көрген желідегі жұрт шошып кетті. Өнер иесінің қазіргі түрі мен жас кезін салыстыра келген олар Гүлнұр ханымның бұрын кәрі болғанын жеткізген. Желідегілер жарыса пікір жаып, ойларын ортаға салудан қысылмады.
"Мә, сен бе, Гүлнұр?", "Жас кезіңізде кәрі болыпсыз ғой", "Қазір жасырақ сиятысыз. Қасты өлтірген екенсіз", "Жас кезінде бәрі кәрі болыпты ғой", "Неше жасыңызда мынау?", "Қазір жұз пайызға өзгергенсіз", - десті жұрт.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
