Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жас емессіңдер, ұят емес пе?!": Гүлзира Айдарбекова күйеуінің қалай еркелететінін көрсетті

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова жолдасы Нұртас Айдарбековтің ел алдында қалай еркелететінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://vk.com/photos245830664

Өнер иесі оқырмандарымен сырласып, махаббаттың мәнін ұқтырды. 

“Адам қанша қартайса да, жүрек 18-25 жастағыдай қартаймайды деген рас қой. Нүрекемнің шынайы өмірде қалай еркелететінін салып қояйыншы. Кейбіреулер “жас емессіңдер ұят емес пе?” деп жатады. Айтатындар айта берсін, сіздер де еркелеп жүре беріңіздерші. Аз ғана өмірде барымызды бағалайық дегендер лапылдаған лүпілден жіберіңіздерші”, – деп жазды продюсер. 



Қайрат Нұртастың әкесі де өз кезегінде жарына жүрекжарды сезімін жеткізді. 

“Кешегі постымда бір кісілер жазыпты: “Апамызды сағынып отырсыз-ау” деп. Айтайын десем балалардан ұяламын, шынымды айтсам, солай болып тұр. Найманның қызын алты күн көрмей қалып едім, шыныменде біртүрлі сағынып отырғаным!”, – деп жазды өнер иесінің әкесі. 

Еске салайық, "Бір арманымды орындады" деген Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасқа алғыс айтқан еді.

Талқылау