Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов жас әйелімен атақты Канн фестивалінде қызыл кілеммен жүріп өтті

Атақты Канн кинофестивалінде Қазақстанды танымал актер Асанәлі Әшімов таныстырды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жас әйелімен Канн фестивалінде қызыл кілеммен жүріп өткен Асанәлі Әшімов Қазақстанды таныстырды

Кең таралған фотосуреттерге қарағанда, 81 жастағы қазақ киносының шебері бұл танымал іс-шараға әйелі Бағдатпен бірге барды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, актердың жұбайы өзінен 34 жас кіші.

Министрліктің айтуынша, 8 мамырда басталған беделді шарада танымал скрипкашы, Қазақстанның Халық әртісі Айман Мұсаходжаева «Солисттер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрінің сүйемелдеуімен музыка орындады. Ал танымал әнші Димаш Құдайберген орындаған туынды француздықтарды таңдай қақтырды.

Мұсаходжаеваның айтуынша, биылғы жылы «Арнайы көрініс» атты Канн кинофестивалінің бағдарламасында Қазақстан режиссер Әділхан Ержановтың «Әлемнің нәзік сезімдері», Жаннат Әлшанованың «Маусымның соңы» картинасы «Синефондасьон» бағдарламасы бойынша таныстырылды.

«Бүгінгі күні мемлекет тек әлеуметтік маңызы бар жобаларға ғана емес, авторлық киноларға да қаржы бөліп отыр. Соның ішінде жыл сайын қазақстандық «Қазақфильм» киностудиясы 20-дан астам фильм, ал жеке студиялар – шамамен 30 картина шығарады», – деді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Алмат Суйінов.

Оның айтуынша, қазақстандық көрермендер отандық киноөндірушілердің фильмдерін көргісі келеді.

Тағы оқыңыз: 

Таразда екі жасар қыз терезеден құлап кетті

Соншалықты ақылды болсаң, жасырынбай елге кел: Белгілі қазақстандық спортшы «Найман» Аблязовқа хат жолдады

Оралда енесін атып өлтірген күдікті екі айға қамауға алынды

Қайрат Нұртас алғаш рет орыс тілінде ән жаздырды (видео)

 

Талқылау